Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы 170 талаптың күші жойылады

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге қойылатын 170-ке жуық реттеу талабының күші жойылады. Мұны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

19.10.2022
Жаңалықтар

«2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» ҰКП, сарапшылар және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, АӨК саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге олардың жаңа базалық тәсілдерге сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізді», — делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, талдау ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин, тұқым шаруашылығы, астық нарығы, органикалық және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жер қатынастары және мал шаруашылығы бағыттары бойынша жүргізілді.

«Тексеру және бағалау қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қойылатын 170-ке жуық талаптың, оның ішінде өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі 50 талаптың және ветеринария саласындағы 80 талаптың күшін жою және қайта қарау туралы шешім қабылданды», — деп жазды баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, «Таза парақтан» реформасын іске асыру бизнес ортаны реттеудің тиімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті жандандыру үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz