Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әкім үндеу жасады: Алматы облысында демалыс күндері тазалыққа арналады

Алдағы мерекелік демалыс күндері Алматы облысында «Тазалық күні» деп жарияланды. Яғни, үш күн бойы өңірдегі туристік нысандарда, халық көп жиналатын орындарда, саябақтар мен аулаларда жаппай сенбіліктер өтеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылатын шараға ұлттық парк қызметкерлері, орманшылар, қорықшылар, қоғам белсенділері, еріктілер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен тұрғындар қатысады.

Өңірде оннан астам туристік дестинация және жүзден астам танымал бағыт бар. Мерекелік демалыс кезінде табиғат аясына шығатын саяхатшылар саны артатынын ескерген жергілікті билік туристік аумақтардың тазалығына ерекше назар аударып отыр. Осыған байланысты қонақтарға табиғатты ластамай, қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастау маңызды екені ескертілді.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындар мен қонақтарды экологиялық бастамаға белсенді қатысуға шақырды.

«Қымбатты облыс тұрғындары! 

Халқымыз ежелден «тазалық» ұғымын  жанның   тазалығымен,   ниеттің   түзулігімен  ұштастырып, оған ерекше мән берген. Мемлекет  басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап  өткендей, «Таза Қазақстан» акциясы —  бұл бір  реттік науқан емес, ұлтымыздың болмысындағы  асыл қасиеттерді жаңғыртатын бірегей бастама. Тазалық — өркениеттің   айнасы.   Біз   тек  сенбіліктермен шектелмей, қоршаған ортаны күтіп  ұстауды күнделікті әдетке айналдыруымыз қажет. Әрбір   тұрғын   өз   ауласына,   әрбір   ұжым   өз  мекемесіне   жауапкершілікпен   қарауы   тиіс.  Әсіресе,   облыстың барлық   кәсіпкерлерінің бұл іске  үлес   қосуы — бизнестің   қоғам   алдындағы  жауапкершілігінің   айғағы. Нысандардың  эстетикалық талаптарға сай болуы өлкеміздің ажарын аша түсері сөзсіз.  Біздің ортақ мақсатымыз —  «Заң мен тәртіп»  қағидаты   орныққан   қауіпсіз   қоғам   құру.   Өйткені  тәртіп бар жерде   тазалық та, береке де болады. Отанға   қызмет   ету   осындай   қарапайым,  бірақ  маңызды істерден басталады.  Баршаңызды осы игі бастамаға атсалысып,  өңірімізді  жауапкершілік  пен жасампаздықтың  аймағына айналдыруға шақырамын! — деді өңір басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Бүгін Алматы облысында жел күшейіп, найзағай күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 5100 түп ағаш көшеті отырғызылды

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2026

Әкім үндеу жасады: Алматы облысында демалыс күндері тазалыққа арналады

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2026

Қазақстанда күн күрт құбылады: жаңбыр, бұршақ пен үсік күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz