Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Қонаев қаласында қылмыс саны 9% өскен

Бұл туралы қала жұртшылығымен кездескен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

18.10.2023
Сұхбат

«Биыл қалада 458 қылмыс тіркелген. Өткен жылдағы көрсеткіш 419 болған. Бұл 9,3% өсімді көрсетіп отыр. Оның ішінде Шеңгелді бойынша 34 қылмыс тіркелді. Нашақорлыққа байланысты 14 қылмыс орын алды», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысының айтуынша, шаһарда қылмыс санының өскеніне қарамастан, оның 80,7%-ы ашылған.

Сондай-ақ әкім қалада бейнебақылау камераларының көбейіп жатқанына да назар аударды.

«Қонаевта 308 бейнебақылау камералары, жедел басқару орталығына шығатын 300 камера орнатылды. Барлығы штаттық режимде жұмыс жасап тұр. Бұдан бөлек, жол қозғалыс ережелерін бұзу фактілерін тіркеу үшін 7 жерде «Сергек» камералары қойылды. Нәтижесінде қала жолдарындағы өлім-жітім 40% төмендеді», — деді облыс әкімі.

Сөз соңында Марат Сұлтанғазиев құқық қорғау органдарының басшыларына Қонаевтағы қылмыс санын азайту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Айта кетейік, облыс бойынша маңызды жолдарда, атап айтқанда, Алматы – Өскемен, Талдықорған – Алматы, Құлжа тасжолында «Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Алматы облысындағы күре жолдардың бойында 124 орында 576 камера жұмыс істеп тұр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz