Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысының әкімі Қарасай ауданын дамыту бағытында бірқатар тапсырма берді

Өңір басшысының айтуынша, Қарасай ауданы Алматы облысы экономикасының дамуы үшін үлкен үлес қосып жатыр.

20.12.2022
Сұхбат
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

«Ауданның үлесіне облыстың барлық өнеркәсіп өнімінің үштен бірі тиесілі. Мұнда 358 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың шоғырлануы ауданға облыс бойынша бірінші орынды сенімді ұстауға мүмкіндік береді (2 орын – Іле ауданы: 334 кәсіпорын, 24,4%; 3 орын – Талғар ауданы: 231 кәсіпорын, 16,9%)», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Бұдан бөлек, ауданның 358 кәсіпорнының 291-і өңдеу өнеркәсібі.

«Бұл өте жақсы көрсеткіш», — деді облыс әкімі.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 5
- +

2022 жылдың 11 айында барлық кәсіпорындар 26,7% өсіммен 482,3 млрд. теңгеге өнім өндірді.

Өңір басшысының сөзіне сүйенсек, аудандық жолдардың деңгейі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 63%-ға жетті, облыс бойынша ол 90% құрайды. Биыл ауданның жалпы ұзындығы 50,1 км жолын жөндеуге 7,8 млрд. теңге бөлінді.

Саин, Абай және Рысқұлов көшелерін Алматы қаласының шекарасынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін тесу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін бюджеттен 6,7 млрд. теңге бөлінді. 2023 жылдың соңына қарай 3,7 км жолды жөндеу жоспарланып отыр.

«Аудан халқын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселесі өткір боп тұр», — деді облыс әкімі.

Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесу соңында Марат Сұлтанғазиев облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновке, энергетика және ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автожол басқармалары аудан әкімімен бірлесіп:

  • халықты орталықтандырылған сумен және газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауға алуды;
  • көпбалалы отбасыларды және халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешу жөнінде шаралар қабылдауды;
  • белгіленген мерзімде автомобиль жолдарын, оның ішінде кентішілік жолдарды жөндеуді аяқтау, олардың сапасын қамтамасыз етуді;
  • қала маңындағы автобус маршруттарымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды тапсырды.
Тегтер: Алматы облысыҚарасай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz