Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ұстаздарды мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

04.10.2023
Сұхбат

«Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлт ұстазы, өткен ғасырдағы қазақ руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны – мұғалім» деп айтып кеткен. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі әлі күнге төрімізден түскен жоқ.

Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек еткен, ұрпақты білім нәрімен сусындатып, адамгершілік руxта бағыт-бағдар берген ұстаздардың еңбегі зор. Сіздердің балаға деген көңілдеріңіз əр оқушының жүрегіне ізгіліктің дәнін егіп, ой-өрісін дамытып, олардың жан дүниесі мен көңіл көкжиегін нұрландыруда. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт, ұстазымен мақтанады. «Мұғалім – мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл — ұстазға арналған теңдесі жоқ теңеулер!

Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы – білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыздың өзі бәсекелестіктің бағын ашады.

Әрбір үйдің еркесінің бабын тауып, әр шаңырақтың тентегімен тіл табысатын осынау мамандықтың иелерін шын жүректен мерекелерімен құттықтап, жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен ғана емес, ұлттық болмыста тәрбиелей берулеріңізге тілектеспін! Адал жандарыңыз жабырқау көрмей, ақжарма көңілге кенеліп, шәкірттеріңіздің жеңісіне тебіреніп-толқыйтын, қуанышты сәттеріңіз көп болсын! Ұстаз деген ұлылықтың жылылығын тіршілікке тарата беріңіздер!», – делінген әкімнің құттықтауында.

Қазақстанда педагогтердің кәсіби мерекесі – Ұстаздар күні Үкімет қаулысына сай биылдан бастап 5 қазанға бекіді. Елімізде Ұстаздар күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келген. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Ұстаздар күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.

Тегтер: Алматы облысыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz