Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысында Конституция күні атап өтілді

Қонаевта айтулы мерекеге орай, салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

29.08.2023
Сұхбат

Шараның алғы сөзін алған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұртшылықты мерекемен құттықтап, Ата заңның маңыздылығына тоқталып өтті.

«Баршаңызды бүгінгі қастерлі мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1995 жылы тамызда, бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциямыз жаңа сипаттағы Қазақстанның  елдік іргетасын  қалады. Тарихи қысқа кезең біз қабылдаған қағидалардың және біз таңдаған бағыттың дұрыстығын дәлелдеді. 2022 жылы Конституциямыз заман талабына сай қайта жаңғырды. Жалпұлттық референдумның қорытындысы бойынша конституциялық реформа жүзеге асырылды», — деді өңір басшысы.

Былтыр елімізде көптеген өзгерістер орын алды. Марат Сұлтанғазиев сол тарихи кезеңнің дәл ортасында Алматы облысы да болғанын атап өтті.

«Аз уақытта «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Алматы қаласының маңында 4 индустриалды аймақ қалыптастырылып жатыр. Алматы облысын дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиясы да қабылданды. Өңіріміздің орталығы – Қонаев қаласы инфрақұрылымы дамыған, өмір сүруге қолайлы, заманауи нысандар көптеп салынған, жастардың қаласы болуға заңнамалық тұрғыда тағы бір қадам жасалды. Жақында шаһардың Бас жоспары бекітілді. Мұндай іргелі істер Конституциямызға негізделген саяси тұрақтылықтың және экономиканың әлеуетті болуының арқасында мүмкін болып отыр», — деді облыс әкімі.

Салтанатты кеште Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының Құрметті азаматы атағын бірнеше адамға табыстады. Олар:

  • ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев;
  • Еңбекшіқазақ ауданының еңбек ардагері, жазушы, драматург Ахмет Аширов;
  • Еңбек ардагері Әсия Мұхамеджанқызы;
  • «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің президенті, Жамбыл ауданының азаматы Еркебек Арғымбаев;
  • Райымбек ауданының Еңбек ардагері Қанат Тәкебаев.

Сонымен қатар Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен облыстық Сот сараптамалары институты директорының орынбасары Аслан Алитурлиев, Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Меруерт Канафианова, Талғар аудандық сотының әкімші-бас маманы Росита Михайлова марапатталды.

Жиынның ресми бөлімі шағын концерттік бағдарламаға ұласты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Алматыда мас күйінде рөлге отырған әйел бес жылға сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

«Көкпек – Кеген» автожолының бір бөлігін сел суы шайып кетті

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Марат Сұлтанғазиев ауыл әкімдеріне маңызды міндеттер жүктеді

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Халықаралық жастар күні: жастар – ел болашағының берік негізі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz