Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Ауыл» партиясынан ұсынылған кандидаттар Түркістан облысының тұрғындарымен және туристерімен кездесті

Кездесу барысында кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жергілікті тұрғындарға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді.

13.03.2023
Сайлау-2023

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дәулеткерей Кәпұлы, Ілияс Досқожаев, Ерболат Саурықов, Болатбек Қыстауов Түркістан облысының тұрғындарымен және туристерімен кездесті.

Бірінші кездесу Түркістан қаласындағы «Керуен Сарайда» ұйымдастырылды. «Ауыл» партиясының атынан Мәжіліс пен түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттар депутаттығына кандидаттармен кездесуге 500-дей адам келді. «Мен де ауылымды сағындым» аталған жиын бұрынғылардан өзгерек әдеби кеш форматында өтті. Айтыстан аты белгілі суырып салма ақын, Мәжіліс депутаттығына кандидат Дәулеткерей Кәпұлы сөз сөйледі. Ол қатысушылар алдында туған ауылына арналған өлеңдерін оқыды.

«Орасан жер қоры, егіншілік пен мал шаруашылығының бай тарихы болғанына қарамастан, Қазақстан әлі де импортқа, ал халық азық-түлік бағасының өсуіне тәуелді. Ал әлемде азық-түлік дағдарысы күшейіп келеді. Бұл Қазақстанның өз халқын жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарға экспорттаушы жетекші ел болуына да зор мүмкіндіктер ашады. «Ауыл» партиясы мәжіліске барғанда ауылдардың қарқынды дамуына баса назар аудара, оларға бұрынғы даңқын қайтара, аграрлық саланы ұлттық табыстың сарқылмас көзіне айналдыра отырып, әрбір қазақстандықты жайлы өмірмен қамтамасыз етуді, еңбек адамына деген бұрынғы құрметті қайтаруды, ауыл әйелдерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздеп отыр. Ол үшін сіздердің қолдауларыңыз керек. Мұңы бірдің – мүддесі бір! Сіздердің мүдделеріңіз – біздің мүддеміз! Бізді, «Ауыл» партиясын қолдаңыздар! Жақсы өмірге бірге жетейік! Ауыл төрге шықсын!», – деді кандидат Дәулеткерей Кәпұлы.

Кандидат аузынан шыққан адуынды жыр жолдары мен оралымды ойлары «Ауыл» партиясын қолдауға келген қауым өте жылы қабылдады. Түркістандықтар кандидаттарға өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып, сұрақтар қойды. Ұсыныстарын аманаттады.

Тегтер: ауылТүркістан облысыхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура халықаралық форумда инвесторларды қорғау тәжірибесін ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Еңбекшіқазақ ауданында ұстаздар арасында «UstazQuiz» Супер кубогы өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Алматы облысында оқушылар арасында «UstazQuiz» Супер кубогы өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Қонаевтағы этно-фестивальде ұлттық мұра дәріптелді — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Қонаевтағы этно-фестивальде Жамбылдың жеке заттары мен «Алтын адам» көрмесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz