Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

AMANAT: Түлкібас ауданы бойынша жыл сайын 500 жас жұмыспен қамтылмақ

"AMANAT" партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері Түлкібас ауданының жастарымен кездесті.

05.03.2023
Сайлау-2023

Жиын барысында жастардың қоғамдағы рөлі, алдағы уақытта оларға жасалатын мүмкіндіктер мен қолдау іс-шаралары сөз болды.

«Елімізде 6 миллионнан астам жас болса, оның 640 мыңға жуығы біздің өңірде. Біз түрлі сауалнамалар және белсенді жастармен кездесу арқылы бұл саладағы мәселелермен танысып, оларды шешуге күш салып келеміз. Мәселен, былтыр облыста 17 мыңнан астам жұмыссыз жас тіркелген болса, бұл мәселені шешудің нақты жолдарын сайлауалды бағдарламамызда ұсынып отырмыз. Ең алдымен жоғары оқу орындары мен колледждердің бағдарламаларын елдегі кәсіпорындардың сұраныстарына сәйкес дайындауды қолға алып, елдегі 180 колледждің шеберханалары мен зертханаларын заманауи жабдықтармен және білікті кадрлармен қамтуды, білім беру бағдарламаларын толығымен жаңартуды қолға аламыз», – деді кездесуде сөз алған облыстық штаб төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев.

Сондай-ақ, жиында штаб мүшесі Жандос Әзімбай кәсіп бастаймын деген жастар үшін «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылатынын айтты. Оның айтуынша, бұл жоба аясында ауыл азаматтарына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру жоспарланған.

Ауданның белсенді жастарымен өткен кездесуде Алтынсары Дүйсенбекұлы бастаған бір топ кандидаттар мен сенімді өкілдер де сөз алып, елімізде жастарды қолдау бағытындағы шаралардың көбейіп, елімізді дамыту жолында тың реформалар жүргізіліп жатқанын баяндады. Ал, жастар көкейдегі сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сонымен бірге, аға буын жастарға алдағы сайлаудың мән-маңызын түсіндіріп, саяси додада «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.

Тегтер: AMANATтүркістанүгіт-насихат

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz