Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2024
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, жаһандық және өңірлік мәселелерді талқылауға арналған осы алаңның маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Президент қазіргі әлемнің аймақтық қақтығыстар, экономикалық тұрақсыздық, климаттың өзгеруі, азық-түлік және көші-қон қауіпсіздігі секілді сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын айтты. Бұл жаһандық мәселелерді шешу үшін күш-жігерді біріктіру қажеттігін ерекше атап өтті.

“Біздің болашағымыз осы мәселелерге ортақ келісім таба білуімізге байланысты. Қазақстан бұл үдерістерге белсенді қатысып, үлесін қосуға дайын,” – деді Тоқаев.

Президенттің пікірінше, әлемнің жікке бөлінуі мен көпжақты халықаралық институттардың беделінің төмендеуі орта державалардың рөлін күшейтіп отыр. Ірі державалар арасындағы тартыстарды реттеуде орта державалар маңызды дәнекер бола алады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен жақында өткен АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдумның елдің демократиялық құндылықтарға беріктігін көрсеткенін айтты.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстанмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz