Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Сенат депутаттығы: Жетісу облысынан қанша адам үміткер?

Қазақстанның жаңа облыстарынан Сенат депутаттарын сайлау 24 тамызға белгіленген. Соның ішінде жоғарғы палатаның екі депутатын сайлау Жетісу облысында да өтеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

03.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта 11 кандидат ұсынылды.

«Ұсынылғандардың ішінде: 1 – аудан әкімі, 3 – мемлекеттік қызметшілер, 2 – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 4 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1 – қоғамдық бірлестіктің қызметкері. Үміткерлердің ең жасы –1991 жылы туған (31 жас), ең үлкені – 1963 жылы туған (59 жас). 8 адам (72,7%) «Аманат» партиясының мүшесі, 1 адам «Ауыл» (9%), 2 адам (18,2%) партияның мүшелігін көрсетпеді. Ұлты бойынша: 9 (81,8%) – қазақтар, 2 (18,2%) – орыстар», — деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қахарман Еркінайұлы.

6 кандидат тіркелді, қалғандарының қажетті қол қою парақтары, сайлау жарнасы, активтер мен міндеттемелер туралы декларация сынды құжаттары ұсынылмады.

11 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен 24 тамызға Парламент Сенаты депутаттарын сайлау белгіленді. Сенатқа 2 депутат сайланатын болады: 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне (1 жылға), 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне (4 жылға).

Қазақстан Республикасының тұрғылықты азаматы және оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады. Сотты болған, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам депутаттыққа кандидат бола алмайды.

3 тамыз күні сағат 18:00-де кандидаттарды тіркеу аяқталып, тіркелген кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі.

Сенат депутатын сайлау бойынша дауыс беру таңдаушылардың мәслихаттар депутаттарының бірлескен отырысында өткізілетін болады.

Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу проценттен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Тегтер: Жетісу облысысенат депутаты

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz