Бақытгүл Төлебекованың айтуынша, облыста өндіріс көлемі 716 млрд теңгеге жеткен. Жалпы, осы сала бойынша 9 өндірістік орын ашылған, бұғанға дейін жұмыс істеп келе жатқан 4 өндіріс орны кеңейтілген. Қосымша 352 жұмыс орны ашылған. Алайда, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарында бірде-бір өнеркәсіп ашылмады.
«Индустриялизациялау картасы бойынша құны 56,2 млрд теңгені құрайтын, 657 адамды жұмыспен қамтитын 3 жоба іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, Іле ауданында «Аметист» атты «Доре» алтын-күміс қорытпасын өндіретін гидрометаллургиялық цех іске қосылды. Бұл цехтың жылына 80 кг алтын шығаруға қауқары жетеді», — дейді өз сөзінде басқарма басшысы.
Бұдан бөлек, баяндамада экономиканың басқа саласы туралы да сөз етілді. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 3,6%-ға өсіп, 179.2 млрд теңгені құрады.
Бақытгүл Төлебекова: «облыста агроөнеркәсіпті дамытуға 34,4 млрд теңге, оның ішінде субсидияға 31 млрд теңге бөлінген», — деп бюджеттен бөлінген қаржы жайлы атап өтті.
Айта кетейік, облыста егістік жерлердің көлемі 1,7 мың гектарға өсіп, 459 мың гектарға жеткен.