Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: биыл кей аудандарда бірде-бір өнеркәсіп орны ашылмаған

Бұл туралы 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығы туралы қорытынды жиында Алматы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Бақытгүл Төлебекова айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

26.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Бақытгүл Төлебекованың айтуынша, облыста өндіріс көлемі 716 млрд теңгеге жеткен. Жалпы, осы сала бойынша 9 өндірістік орын ашылған, бұғанға дейін жұмыс істеп келе жатқан 4 өндіріс орны кеңейтілген. Қосымша 352 жұмыс орны ашылған. Алайда, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарында бірде-бір өнеркәсіп ашылмады.

«Индустриялизациялау картасы бойынша құны 56,2 млрд теңгені құрайтын, 657 адамды жұмыспен қамтитын 3 жоба іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, Іле ауданында «Аметист» атты «Доре» алтын-күміс қорытпасын өндіретін гидрометаллургиялық цех іске қосылды. Бұл цехтың жылына 80 кг алтын шығаруға қауқары жетеді», — дейді өз сөзінде басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, баяндамада экономиканың басқа саласы туралы да сөз етілді. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 3,6%-ға өсіп, 179.2 млрд теңгені құрады.

Бақытгүл Төлебекова: «облыста агроөнеркәсіпті дамытуға 34,4 млрд теңге, оның ішінде субсидияға 31 млрд теңге бөлінген», — деп бюджеттен бөлінген қаржы жайлы атап өтті.

Айта кетейік, облыста егістік жерлердің көлемі 1,7 мың гектарға өсіп, 459 мың гектарға жеткен.

Тегтер: өнеркәсіп

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz