Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында темекі өнімдерінің жаңа өндірісі пайда болады

Бүгін Алматы облысында KT&G зауытында құрылыс жұмыстарын бастау рәсімі өтті.

11.10.2023
Аймақ

Тас қоюдың ресми рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Ол өз сөзінде бұл жобаны жүзеге асыру өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және дамыту жолындағы маңызды оқиға болатынын атап өтті. Оның айтуынша, облыс республикадағы барлық темекі өнімдерінің 100 пайызын өндіреді, бұл өңірдегі жалпы өңдеу өнеркәсібінің 15 пайыздан астамы.

«Биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша темекі өнеркәсібінен мемлекеттік бюджетке шамамен 145 млрд. теңге түсті, бұл жалпы салық түсімінің шамамен 34 пайызын құрады», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ аймақ басшысы бұл өндірісті іске қосу 90 миллиард теңгеден астам шетелдік инвестицияның келуін қамтамасыз етіп, 100-ге жуық жалақысы жоғары жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретінін айтты.

«Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 8 млрд қорапты (440 млн қаптама) құрайды, оның 60%-ға жуығы экспортқа жіберіледі. Осылайша, KT&G компаниясы темекі өнеркәсібіндегі өз өндірісін өңірімізде жүргізіп отырған үшінші трансұлттық компания болмақ», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сөз соңында облыс әкімі жобаны жүзеге асыру үшін визалық қолдау көрсету және барлық қажетті техникалық шарттарды алу жағынан облыста жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, жобаны электрмен тұрақты қамтамасыз ететін ҮАААЖ бен Көкөзек қосалқы стансасының іске қосылуы өңірдің инвестициялық тартымдылығының артуына септігін тигізуде.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қонаевта №6 және №7 жағажайлар жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде кеңес өткізді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz