Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысы ауыл шаруашылығы Басқармасына жаңа басшы келді

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қуандық Сағатбайұлы Чункунов 16 тамыздан бастап Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына қабылданды.

21.08.2023
Сұхбат

Қуандық Сағатбайұлы 1981 жылы туған, білімі жоғары, 2004 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы АҚШ мемлекетінде «Ашық әлем» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығының диверсификациясы» тақырыбында, 2012 жылы Ресейдегі А.А. Никонов атындағы Бүкілресейлік Аграрлық мәселелер және информатика институтында «Нарық параметрлерін болжау әдістерін зерттеу» тақырыбында, 2011 жылы Ресейде «Кеден одағы елдеріндегі ҚР перспективасы» тақырыбында тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақ Агроөнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған.

Әр жылдары Қазақ Агроөнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, «Қазақстанның Ет-сүт одағы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігінің атқарушы директоры, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының агроөнеркәсіптік кооператив және тамақ өнеркәсібі департаментінің сарапшысы, директорының орынбасары, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Алматы облысы Қонаев қаласы филиалының өкілі, директоры лауазымдарын атқарған.

2023 жылдың 9 ақпанынан бастап қазіргі күнге дейін Алматы облысы кәсіпкерлер Палатасының төрағасы лауазымында қызмет атқарды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта Қарттар күніне орай еңбек ардагерлері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік мектептер анықталды

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта әйелдің саусағына қысылып қалған сақинаны құтқарушылар шешті

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта студенттерге есірткі қылмысы мен интернет алаяқтықтың қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz