Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында дәрігерлер шала туған нәрестені аман алып қалды

Бұл туралы Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

18.07.2023
Аймақ

Ақпаратқа қарағанда, мамырда Алматы клиникалық көпсалалы ауруханасының перзентханасына 27 апталық жүктілікпен жас әйел мерзімінен бұрын толғатып, түскен. Дәрігерлердің көмегімен жас ана салмағы 850 грамм болатын нәрестені дүниеге әкелген.

«Бала өте кішкентай болып туғандықтан, бірнеше күн өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Оған барлық ем-шаралар қолданылып, медициналық көмек көрсетілді. Тәжірибелі мамандардың арқасында екі айда баланың салмағы 1600 грамға жетті. Қазіргі уақытта бала мен оның анасы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды», — деп жазды баспасөз қызметі.

Ал жас ана баласын аман алып қалған дәрігерлерге алғысын білдірген.

Айта кетейік, бұл ауруханада биыл 1313 бала дүниеге келсе, оның 236-сы шала туған.

Әлемдік статистикаға сәйкес, жылына 15 миллионға жуық бала шала туады. Яғни, әрбір 10-шы нәресте уақытынан бұрын дүниеге келеді. Сонымен қатар мамандар соңғы жылдары балалардың мерзімінен бұрын тууы жиілегенін алға тартып отыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Кегенде экс-шенеунікке қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Алматы облысында конкурдан Қазақстан чемпионаты аяқталды: жеңімпаздар анықталды

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қазақстанда журналистердің мәртебесі қалай өзгерді? Медиа саласындағы негізгі реформаларға шолу

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz