Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 16 коммуналдық нысанды сату жоспарланған

Қазіргі таңда оның 11-і сатылған. Мұны ҚР Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшеневтің Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесуде белгілі болды.

13.07.2023
Аймақ
Фото: Жұсабай Мұсабеков

Фото: Жұсабай Мұсабеков

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, облыста 16 коммуналдық нысанды сату жоспарланған. Оның 11-і сатылды, 1-еуін сату процесі жүріп жатыр («Алатау» АҚ), 2-еуі сатылымға дайындық үстінде («Жетісу-облгаз» және «Қонаев тұрғын үй» ЖШС).

«Жалпы алғашқы жоспар бойынша облыста 63 коммуналдық нысан сатылуы керек болған. Алайда, оған өзгеріс еніп, 25 нысан тізімнен алынса, 22-сі Жетісу облысында қалды. Кешенді жоспардың өңірде іске асуы 81 пайызды құрайды», — деді комитет төрағасы.

Тарихқа үңілсек, мемлекет меншігін жекешелендірудің бірінші толқыны 90 жылдардың басына тұспа-тұс келген. Ол кезде Қазақстан нарықтық экономикаға аяқ басқан болатын. Бірінші толқын маусымында 43 мыңнан астам мемлекеттік нысан сатылып, 360 млрд теңге кіріс кірген. Сондай-ақ 1,5 мың ауыл шаруашылық, 3 мың әлеуметтік нысан, 93 жеке кәсіпорын сатылған.

Содан кейін Үкімет 3 рет, яғни, 2014-2016, 2016-2020, 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды қабылдаған.

Соңғы қабылданған жоспарға сай, Қазақстанда:

  • 306,3 млрд теңгеге 369 нысан бәсекелік ортаға берілген;
  • 64 нысан қайта құру мен таратуға жіберілген;
  • 33 нысан сатылып жатыр;
  • 192 нысан сатылым алдындағы дайындық үстінде.

Комитет төрағасы мемлекеттік, коммуналдық нысандарды жекешелендіру «бір терезе» қағидаты бойынша, сатып алуға электронды түрде өтінім бергеннен бастап жеңімпазды анықтағанға дейін автоматтандырылғанын айтты. Бірыңғай сатылым алаңы барлық азаматтарға қолжетімді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz