Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Лицензиялау — жемқорлыққа алып келеді: Жекеменшік балабақшалар мемлекеттік лицензиялауды енгізуге қарсы

Бұл туралы Үздіксіз білім беру қауымдастығының құрылтайшысы, «INTELLECITY» ЖШС жекеменшік балабақшаның директоры Маржан Ахметжанова брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

19.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Балабақшалардың құрылтайшылары бұл құжатты кез келген жолмен алатындарына сенімді. Оның айтуынша, кәсіпкерлер лицензиялаудан қорықпайды. Бұған дейін балабақшалардың иелері бұл құжатты оңай сатып алатын.

Сондай-ақ ол Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне лицензиялау ұсынысын орынсыз деп санайды. Лицензиялауды қайта енгізу сапаны арттырмай, тек шағын және орта бизнес субъектілері үшін қосымша кедергілер тудыратының алға тартады.

 «Бұл процедураны енгізуді орынсыз деп санаймыз. Ол үшін бізде дәлелді негіздемелер бар. Ұсынылып отырған негіздемелер 12 жылдан астам уақыт ішінде қауымдастықтағы 2 817 балабақшаның жұмыс тәжірибесіне негізделе отырып әзірленді, бұл жұмыс істеп тұрған барлық жекеменшік балабақшаның 43%. Жеке меншік балабақшалар сапаны арттыруға қатысты ұсыныстарды қолдайды, бірақ лицензияны қайтару сапаны арттыру механизміне жатпайды. Себебі, лицензия қандайда бір іспен айналысуға берілетін рұқсат, яғни нарыққа кіру. Алайда көптеген балабақша нарықта бұрыннан жүр ғой.  Олай босла лицензия не үшін керек?», – дейді Үздіксіз білім беру қауымдастығының құрылтайшысы Маржан Ахметжанова.

Елімізде балаларды балабақшамен қамту қазір 100 пайызға жақындап қалды. Оған қоса 2010 жылдан бері мектепке дейінгі мекемелерді инвестициялау сомасы 208 млрд теңгеден асқан. Оның айтуынша, министірлік лицензиялау арқылы көптеген жеке меншік балабақшаларды шеттетіп, балабақшаларды шетінен жабатын болса бұл қаражат далаға ұшқандай болады.

Сонымен қатар ол балабақшалар қызметін лицензиялау көлеңкелі қызметке әкелетінін айтады. 2008-2009 жылдары лицензиялауды енгізгенде балабақшанлардың 47%-ы көлеңкелі қызметте болған екен.

«2014 жылы лицензияны алып тастап, мемлекеттік білім беру тапсырысы енгізілген соң көлеңкелі қызмет 13 пайызға дейін түсті. Сондықтан балабақшаны лицензиялау көлеңкелі қызметтің өсетініне әкеледі. Балабақшалар өздерін білім беру, дамыту орталығы деп таныстырып қызметтерін жалғастыра беретін болады. Қазір мемлекеттік балабақшаға қарағанда жекеменшік мекеме анағұрлым аз. Мемлекеттің қолдауынсыз бұл кәсіп тиімсіз. Балабақшада бір баланы қамту 65 мың теңгеден жоғары», — дейді ол.

Сонымен қоса, балабақшадағы сапаны арттыру тікелей кадрларға байланысты екенін айтады. Алайда, министрлік бұл бағытта ештеңе қолға алмай отырғандығын айтты.

Министірліктің мәліметтеріне сүйенсек, қазірдің өзінде елімізде 4 мыңға жуық тәрбиеші тапшы. Мықты кадрлардың балабақашға келмеуінің бірнеше себебі бар. Оның бірі — жалақының төмен болуы. Жұмысқа орналасқан жас маман қолына небәрі 80 мың теңге алады.

Сондай-ақ, баспанамен қамту жеңілдігінің болмауы, біліктілігін артыру тетігінің жоқтығы, жеке меншік балабақшадағы кадрлардың біліктілігін арттыратын курстардың барлығы ақылы болуы дейді.

Айта кету керек, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова лицензиялау 2024 жылы басталып, кезең-кезеңімен жүзеге асады деп болжады.

Тегтер: лицензиялаумемлекет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz