Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алма шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілді

Алматы облысында алма өсіру және оны өңдеу саласы жүйелі түрде дамып келеді. Бүгінде өңірде алма бақтарының аумағы мен өнім көлемі жыл сайын артып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазіргі таңда облыс бойынша 7 мың гектар аумақта алма өсіріледі. Оның 2,2 мың гектары – интенсивті бақтар. Алатау баурайындағы алма ағаштары көктемде гүлдеп, көздің жауын алатын көрініс қалыптастырып, тұрғындар мен туристердің қызығушылығын арттыруда. Мұндай табиғи сұлулықты тамашалау үшін арнайы келетіндер саны да жыл сайын көбейіп келеді.

Мамандардың айтуынша, өңірдің климаттық ерекшеліктеріне сай алма сұрыптары мұқият іріктеледі. Сонымен қатар заманауи агротехнологиялар кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, автоматтандырылған тамшылатып суару жүйесі енгізілген. Бұл әдіс өнімді ерте алуға, топырақ эрозиясының алдын алуға және өсімдіктердің ауруға шалдығу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұл бағытта Талғар ауданындағы «Баймене» ЖШС ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Мұнда алма өсірудің барлық кезеңі – отырғызудан бастап жинау, өңдеу және сақтау жұмыстары толық жолға қойылған.

Кәсіпорын 2016 жылы интенсивті бақ отырғызуды бастап, алғашқыда 30 гектар аумақты игерген. Қазіргі таңда бақ көлемі 110 гектарға жеткен. Алдағы уақытта алқапты кеңейту жоспарланып отыр. Бақта су үнемдеуге бағытталған тамшылатып суару технологиясы қолданылады.

Компанияның бас агрономы Георгий Чернышевтің айтуынша, ағаштардың өсуіне қарай суару көлемі де артады. Бұл үдерісті бақылау үшін арнайы құрылғылар орнатылған.

«Алғашында алманың 7-8 сұрыпын сынап көрдік. Қазір “Голден Делишес”, “Ред Делишес”, “Гала” және “Фуджи” сияқты сұранысы жоғары төрт түрін қалдырдық. Қазір жаңа сұрыптарды да сынақтан өткізіп жатырмыз», – дейді ол.

Ал кәсіпорын директоры Евгений Камбаров өндірісте алманы сұрыптау, буып-түю және сақтау толық автоматтандырылғанын атап өтті. Сонымен қатар кәсіпорында 100 пайыз табиғи шырын өндіріледі. Үш литр шырын алу үшін алты келі алма пайдаланылады.

«Өткен жылы 1500 тонна алма жинадық. Биыл бұл көрсеткішті 2 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Өнім ішкі нарықпен қатар, шетелге де экспортталады», – деді ол.

Қазіргі таңда кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс істейді. Сонымен қатар аумағы 1600 шаршы метр болатын жаңа өндірістік кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Мұнда алдағы уақытта шырын, пюре, джем, смузи және балалар тағамын өндіру көзделген.

Жалпы, Алматы облысында алма шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар саны артып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың арқасында бұл сала одан әрі дамып, өңірдің аграрлық әлеуетін күшейте түседі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Кеген ауданында бір күнде 3 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

Кеген ауданында бір күнде 3 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

Еңбекшіқазақ ауданында екі қабатты үй өртенді

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

Талғар ауданында шыққан өрт 38 минутта сөндірілді

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz