Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кеген ауданында бір күнде 3 мыңнан астам ағаш отырғызылады

15 сәуір күні Алматы облысының Кеген ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды ағаш егу акциясы өтеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026
Жаңалықтар

«Таза ауыл» атауымен ұйымдастырылатын экологиялық шара ауданның барлық 12 ауылдық округін қамтиды. Ағаш отырғызу жұмыстары таңғы сағат 09:00-де басталады.

Іс-шараға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық мәслихат депутаттары, Құрметті азаматтар, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар және түрлі мекеме өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Акция аясында барлығы 3425 түп ағаш отырғызу көзделген. Оның ішінде абрикос, терек, шырша, қайың, туя, тал және итмұрын көшеттері бар.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл бастама аудан аумағын көгалдандыру мен абаттандыру бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі саналады. Алдағы уақытта да мұндай шаралар кезең-кезеңімен жалғасады.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы ел аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға және елді мекендердің тазалығын арттыруға бағытталған.

Экологтар мұндай акциялар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, өңірлердің экологиялық ахуалын жақсартуға сеп болатынын айтады.

Соңғы жаңалықтар

Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

«Қымызмұрындық – 2026»: мың жылқы шеруі мен ұлттық спорт көпшілікті тәнті етті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рух пен дәстүр тоғысқан ұлы мереке өтті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

Алматы облысында «Қымызмұрындық – 2026» мерекесі басталды

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz