Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Маңғыстаулықтар «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының жеңімпазы атанды

Күні кеше ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткен «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының жеңімпаздарын марапаттады. Салтанатты шара туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

15.10.2022
Аймақ

Баспасөз қызметінің мәліметінше, онлайн форматта өткен дәстүрлі шараның негізгі мақсаты: қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру. Акцияның талабы бойынша әр үміткер Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып, фейсбук әлеуметтік желісіне жариялады.

«Астарына үңілсек, Ахаңның ғақлия сөздерін жүрегімен жатқа айтудың ар жағында елге деген сүйіспеншілік, адалдық, еңбекқорлық, ар-намыс тәрізді үлкен адамгершілік құндылықтар жатыр. Шараға еліміздің барлық өңірлерінен 25 этнос өкілдерінен тұратын 170 адамның қатысуы соның айғағы іспетті», — деді Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба.

Ресми мәліметке сүйенсек, республикалық бұл жарысқа орыс, әзірбайжан, өзбек, неміс этносы өкілдері қатысқан. Биыл рутул этносының өкілі акцияда алғаш рет бағын сынап көрді. Қатысушылырдың саны жағынан Атырау, Жамбыл облыстары көш бастап тұр. Акцияда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» шығармасы 33 рет оқылды.

Министрлік ұйымдастырған науқан жеңімпаздары бейнематериал астындағы «лүпіл» саны арқылы анықталды.

Нәтижесінде Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Гасангусейнова Виктория қатарынан оза шауып, гран при иеленді.
Ал осы облыстың №7 мектептің 7-сынып оқушысы Халиулина Ұлболсын болса жүлделі 1 орынға тұрақтады. ШҚО, Өскемен қаласы, Абай атындағы гуманитарлық колледждің студенті Игнатьева Алина 2 орынды иеленсе, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлік ауылы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Грибенюк Роман 3 орынға табан тіреді.

Акцияның Бас жүлдегеріне 100 мың теңге сыйлық табысталады.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта Қарттар күніне орай еңбек ардагерлері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік мектептер анықталды

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта әйелдің саусағына қысылып қалған сақинаны құтқарушылар шешті

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта студенттерге есірткі қылмысы мен интернет алаяқтықтың қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz