Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Өтеген батыр кесенесін қасиетті нысандар қатарына қосу керек – облыстық мәдени мұраларды қорғау орталығы директоры

Бүгін Қонаев қаласында "Дара Өтеген батыр" атты облыстық конференциясы өтті. Қоғамдық маңызы бар жиынның ұйымдастырылуына өңірдегі тарих-мәдени мұраларды қорғау орталығы ұйытқы болды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

13.10.2022
Аймақ
Фото: Ақерке Жұмағазықызы

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

Аталған жиынға батырдың ұрпақтары,тарихшылар, географтар, жергілікті өлкетанушылар қатысты.

«Бұл басқосу бізге аңыз болып жеткен Өтеген батыр бабамыздың ел қорғау жолындағы ерлігін өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ Қапшағай су қоймасының аралында орналасқан кесенені Қазақстанның жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізу мәселесі туралы айтқым келеді», — деді облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының директоры Ғалымжан Оспанов.

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

Оның айтуынша, бұл кесенені қасиетті нысандар қатарына қосып қана қоймай, аймақтағы туристік жердің біріне айналдыруымыз қажет. Себебі, қазір Қонаев қаласының туризм саласын дамыту да облыстың маңызды бағыты саналады.

«Біздің бабамыз 1699 жылы дүниеге келіп, 1773 жылы Іленің бойындағы Шолақтау етегінде көз жұмды. Өтеген батыр 15 жасында Жоңғарларға қарсы соғысқа араласады. Райымбек, Хангелді сияқты батырлармен тізе қосып жоңғарлармен айқасқан. Дәл осы Іле бойындағы қалмаққа қарсы жасақ әскерлеріне қосылып, елін жаудан азат еткен. Өтеген батыр әрі қолбасшы әрі жихангер», — деді Өтеген батырдың 7-ші ұрпағы Жеңіс Смайыл.

Фото: Ақерке Жұмағазықызы
Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта Қарттар күніне орай еңбек ардагерлері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік мектептер анықталды

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта әйелдің саусағына қысылып қалған сақинаны құтқарушылар шешті

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта студенттерге есірткі қылмысы мен интернет алаяқтықтың қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz