Қала әкімдігінің мәліметінше, Қытайда өндірілген роботтың құны шамамен 12 млн теңгені құрайды. Жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған құрылғы түрлі командаларды орындап, қойылған сұрақтарға жауап бере алады.
Алдағы уақытта роботты білім беру үдерісінде, танымдық-ағартушылық және қоғамдық іс-шараларда пайдалану жоспарланып отыр.
Бұл бастама балалардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттырып, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуына бағытталған.
Жаңа робот қала тұрғындарының да қызығушылығын тудырды. Қонаев көшелерінде оның қозғалысы мен түрлі әрекеттерін тамашалаған тұрғындар ерекше құрылғыға назар аударды.
Қонаев қаласының әкімдігі заманауи технологияларды дамытуға қолдау көрсеткен кәсіпкер Қанат Ибраимге алғыс білдірді.





