Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаскелеңде балалар ауруханасы мен перинаталдық орталық салынады

Алматы облысының Қарасай ауданында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында екі ірі медициналық нысан салу жоспарланып отыр. Қаскелең қаласында жаңа перинаталдық орталық пен көпбейінді балалар ауруханасы бой көтермек, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026
Жаңалықтар

Жоспарланған жобалардың бірі – заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы. Бұл нысан ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға арналған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған көпбейінді балалар ауруханасын салу көзделген. Аталған нысанға аудан әкімдігі 4,5 гектар жер телімін бөлген.

Бұдан бөлек, Қарасай аудандық көпбейінді орталық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны 2026 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған.

Ауылдық жерлерде де медициналық инфрақұрылым кеңейтілуде. Абай және Үштерек ауылдарында бір ауысымда 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаториялар ашылды.

Қаратөбе ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Көктоған, Ақсеңгір, Көкөзек және Кемертоған ауылдарында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында отбасылық денсаулық орталықтары ашылды.

Жаңа медициналық нысандар тұрғындардың алғашқы медициналық көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерден алуына жағдай жасауға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданындағы 206 саяжай алқабының мәртебесі реттеледі

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026

Қарасай ауданында ауылдық мәдениет үйлері жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026

Қаскелеңде балалар ауруханасы мен перинаталдық орталық салынады

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026

default

Қарасай ауданында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026

Алматы облысындағы өнеркәсіп өнімінің төрттен бірі Қарасай ауданында өндіріледі

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz