2022 жылы Қарасай ауданында 12 мектеп үш ауысымда жұмыс істеген. Халық санының өсуі мен жаңа тұрғын үй алаптарының пайда болуы білім беру мекемелеріне түсетін жүктемені арттырған.
Мәселені шешу мақсатында соңғы төрт жылда аудан аумағында 13 мектеп бой көтерді. Сонымен қатар қолданыстағы үш білім беру мекемесіне қосымша ғимарат салынды.
Жаңа мектептердің сегізі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілген.
Қазіргі уақытта ауданда 83 мектеп жұмыс істейді. Оның 62-сі мемлекеттік, ал 21-і жекеменшік білім беру ұйымы.
Жаңа мектептердің ашылуы оқушы орындарының тапшылығын азайтып, балалардың қолайлы жағдайда білім алуына мүмкіндік берді.





