Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарасай ауданында республикалық баскетбол турнирінің жеңімпаздары анықталды

Алматы облысының Қарасай ауданында КСРО спорт шебері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Бақытжан Әбдібаевты еске алуға арналған республикалық баскетбол турнирі аяқталды. Жарысқа еліміздің түрлі өңірінен 13 команда, 2011–2012 жылдары туған 200-ден астам жас спортшы қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.11.2026
Жаңалықтар

Биылғы турнирдің тарихы жиырма жылға жуық уақытты қамтиды. Алғашында аудандық деңгейде ұйымдастырылған жарыс кейін облыстық деңгейге көтеріліп, 2025 жылы республикалық мәртебеге ие болды. Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Бақытжан Әбдібаевтың туған-туыстары, спорт саласының өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты. Олар жас баскетболшыларға сәттілік тілеп, жарыстың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және бұқаралық спортты дамытудағы маңызын атап өтті.

«Бұл турнир – жүлде мен кубок үшін өтетін жарыстан әлдеқайда ауқымды шара. Бұл – ұрпақтар сабақтастығының көрінісі, ғұмырын спортқа арнаған азаматтың рухына көрсетілген құрмет. Сонымен қатар Алматы облысындағы баскетбол дәстүрлерінің жалғасуына, жас спортшылардың жаңа жетістіктерге ұмтылуына жол ашатын маңызды алаң», – деді Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының маманы Ербол Құлжабаев.

Бақытжан Әбдібаев – отандық баскетболдың дамуына елеулі үлес қосқан спортшы. Ол жасөспірімдер мен жастар құрамаларынан бастап, КСРО құрамасына дейін көтерілген. Спорттық мансабынан бөлек, жас ойыншыларға тәлімгерлік етіп, туған Жамбыл ауданында баскетболдың дамуына атсалысқан.

Үмбетәлі ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әуесбай Тәжібаевтың айтуынша, мұндай турнирлер жастарға отандық спорттың тарихын танытып қана қоймай, оларды тәртіпке, табандылыққа және мақсаткерлікке тәрбиелейді.

Бірнеше күнге созылған жарыста командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіс үшін тартысты ойын өрнегін танытты. Жарыстың бас төрешісі Максим Шалаев турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және финалдық кездесулердің ерекше бәсекеге толы болғанын атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • І орын – Жетісу облысының құрамасы;

  • ІІ орын – Алматы облысының құрамасы;

  • ІІІ орын – Алматы қаласының құрамасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ «Матчтың үздік ойыншысы (MVP)», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша ерекше көзге түскен спортшыларға арнайы жүлделер табысталды.

Бақытжан Әбдібаевты еске алуға арналған дәстүрлі турнир жас баскетболшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинақтауына және республикалық деңгейде өз қабілеттерін танытуына мүмкіндік беретін маңызды спорттық додаға айналып отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Көлсайда 6,3 шақырымдық аспалы жол салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz