Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2350 түп ағаш отырғызылды

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті тазалық акциясы өтті. Сенбілікке 18 мыңнан астам тұрғын қатысып, 298 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар өңір аумағында 2350 түп ағаш отырғызылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026
Жаңалықтар

Экологиялық акция Қонаев қаласында да ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік қызметкерлер, жастар, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысып, қала маңындағы жол бойларын, шағын аудандар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты.

Алматы облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының мәліметінше, кезекті сенбілікке өңір бойынша 18 420 адам жұмылдырылған. Нәтижесінде 326 гектар аумақ тазартылып, 298 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары аясында 2350 түп ағаш егілді.

Басқарманың бөлім басшысы Әлина Түсіпбаеваның айтуынша, облыста тазалық жұмыстары 38 апта бойы үздіксіз жүргізіліп келеді.

«Бүгінге дейін тазалық жұмыстарына 929 мыңға жуық адам қатысып, 21 мың тонна қоқыс шығарылды. Жалпы 13 мың гектар аумақ тазартылып, 127 мың түп ағаш отырғызылды», – деді Әлина Түсіпбаева.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Бекітілген жоспарға сәйкес, апта сайын елді мекендердегі қоғамдық орындар тазартылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сенбілікке қатысқан тұрғындар мұндай шаралардың қаланың тазалығын сақтаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Бүгін күрек ұстап, туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесімізді қостық. Мұндай шаралар әр адамның қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауына мүмкіндік береді», – деді Қонаев қаласының тұрғыны Азамат.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Көлсайда 6,3 шақырымдық аспалы жол салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz