Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы – Қорғас тасжолында жылдамдықты бақылайтын жаңа камералар іске қосылады

9 қарашадан бастап Алматы – Қорғас тасжолында көліктердің орташа жылдамдығын бақылайтын жаңа жүйе іске қосылады. Мұндай бақылау жүйесі еліміздің тағы екі республикалық маңызы бар автожолында енгізіледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026
Жаңалықтар

Жаңа жүйе Алматы – Қорғас, Қарағанды – Бурылбайтал және Қызылорда – Арал бағыттарындағы алты жол учаскесін қамтиды. Алматы – Қорғас тасжолында бақылау Ұйғыр – Панфилов аралығындағы 50,8 шақырым жолға орнатылады. Бұл учаскеде рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық – сағатына 120 шақырым.

Ал Қарағанды – Бурылбайтал тасжолында Шұбартүбек – Гүлшат және Гүлшат – Тасарал аралықтары бақылауға алынады. Аталған учаскелердің ұзындығы тиісінше 42,1 және 42,5 шақырымды құрайды. Мұнда көліктерге сағатына 140 шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген.

Қызылорда – Арал бағытында Ақжарма – Ақжар, Ақжар – 103-разъезд және 103-разъезд – Әйтеке би аралықтарына бақылау жүйесі енгізіледі. Бұл учаскелердің ұзындығы 48,2 шақырымнан 122,4 шақырымға дейін жетеді. Рұқсат етілген жылдамдық – сағатына 100 шақырым.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жаңа жүйенің басты ерекшелігі – көліктің жылдамдығын бір нүктеде емес, жолдың белгілі бір бөлігінде бақылауы. Арнайы камералар автокөліктің бақылау аймағына кірген және одан шыққан уақытын тіркейді. Осы мәліметтер негізінде жүріп өткен қашықтық пен уақыт есептеліп, көліктің орташа жылдамдығы анықталады.

Егер жүргізуші белгіленген жылдамдықты асырса, құқықбұзушылық туралы ақпарат автоматты түрде уәкілетті органдарға жіберіледі. Осылайша, жүргізушілер камера орналасқан тұста ғана жылдамдықты төмендетіп, кейін қайта үдете алмайды. Жол қозғалысы ережелерін бақылаудағы бүкіл учаскеде сақтау қажет болады. Жаңа жүйе республикалық автожолдардағы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жылдамдықты асыру салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Көлсайда 6,3 шақырымдық аспалы жол салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz