Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, жер учаскесінің жекеменшікке берілуі жергілікті тұрғындардың мал жаюына және су ресурстарын пайдалануына кедергі келтірген.
Атап айтқанда, жер аумағында көлемі 0,7 гектар болатын гидротехникалық құрылыс пен 0,5 гектар жерді алып жатқан зират орналасқан. Соған қарамастан, аталған учаске 2008 жылы жекеменшікке өткен.
«Жер және су заңнамасының талаптарына сәйкес, мұндай жер учаскелерін үшінші тұлғалардың жеке меншігіне беруге болмайды. Прокуратураның талап арызы бойынша сот жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды», – делінген ведомство хабарламасында.
Осылайша, прокуратураның араласуымен Ұйғыр ауданындағы 29,1 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.





