Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев: Фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізу қажет

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 15 триллион теңгеге жетті. Алайда саланы одан әрі дамыту үшін шаруаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру қажет. Бұл туралы бүгін, 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту ел экономикасының маңызды басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Президенттің айтуынша, агроөнеркәсіп кешенінде оң өзгерістер байқалғанымен, шаруаларды қаржыландыру мәселесінде әлі де шешімін күткен міндеттер бар.

«Ауыл шаруашылығының одан әрі қарқынды дамуына барлық күш-жігерімізді салуымыз қажет. Былтыр бұл сала шамамен 6 пайызға өсіп, агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім көлемі 15 триллион теңгеге жетті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау аясында жеңілдетілген қаржыландыру көлемі айтарлықтай артқанын жеткізді.

Атап айтқанда, шаруаларға жеңілдетілген шарттармен берілетін қаржы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 триллион теңгеден 1,5 триллион теңгеге дейін ұлғайған. Бұл – 500 миллиард теңгеге немесе 50 пайызға артық.

Дегенмен Мемлекет басшысы бөлінген қаражаттың бір бөлігі өндірісті ұзақ мерзімді дамытуға емес, шаруашылықтардың күнделікті шығындарын өтеуге және айналым қаражатын толықтыруға жұмсалып отырғанына назар аударды.

Осыған байланысты Президент фермерлердің болашақтағы жұмысын алдын ала жоспарлауына мүмкіндік беретін тұрақты қаржыландыру жүйесін қалыптастыру қажеттігін айтты.

«Шаруаларға алдағы жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржыландыру жүйесі керек. Сондықтан Үкімет фермерлерді ұзақ мерзімге арналған инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі пәрменді тәсілдерді енгізуі қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің бұл тапсырмасы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге, өндірісті жаңғыртуға және аграрлық сектордың тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.

 

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Президент мемлекеттік қызметшілерге жаңа талаптар қойды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Президент Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны төмендетуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

2027 жыл – Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы: Тоқаев жаңа бастама ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Тоқаев: Алатау қаласы инвесторлар үшін қолайлы орталыққа айналуы тиіс

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz