Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында түрлі дін өкілдері бірлік пен татулық мәселесін талқылады

Алматы облысында Рухани келісім күніне орай түрлі діни конфессия өкілдері, дінтанушы ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиында дінаралық татулықты сақтау, қоғамдағы өзара сыйластықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026
Жаңалықтар

«Рухани келісім – әділетті елдің мызғымас құндылығы» тақырыбында өткен кездесуді Алматы облысының Дін істері басқармасы қолдауымен ұйымдастырды. Басқосуға Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері, өңірдегі түрлі конфессиялардың өкілдері, дінтанушы ғалымдар мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамдағы рухани келісімді нығайту, діни сенім бостандығына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және әртүрлі діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Жиынның ашылуында сөз сөйлеген Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауда дінаралық келісімнің маңызы зор екенін атап өтті.

Оның айтуынша, түрлі діни көзқарастар мен сенімдерге құрметпен қарау, адамдар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыру – қоғамдық бірлікті нығайтудың негізгі шарттарының бірі. Басқарма басшысы конфессияаралық татулықты сақтау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін жеткізді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар діни бірлестіктер арасындағы байланысты нығайту, этносаралық татулықты сақтау және қоғамдағы рухани құндылықтарды дәріптеу бағытында пікір алмасты. Әсіресе жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизмнің алдын алу және түсіндіру жұмыстарының тиімділігін күшейту мәселелеріне назар аударылды.

Сарапшылар қоғамда өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру үшін түрлі конфессия өкілдерінің ашық диалог жүргізуі маңызды екенін атап өтті. Олардың пікірінше, мұндай кездесулер әртүрлі діни қауымдастықтардың бір-бірін тереңірек түсінуіне, ортақ мәселелерді бірлесе шешуіне және қоғамдық келісімді нығайтуына мүмкіндік береді.

Басқосу барысында қатысушылар Алматы облысында конфессияаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Жиында діни сенім бостандығын құрметтеу, қоғамдық келісімді сақтау және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері өңірдің тұрақты дамуы үшін маңызды екені айтылды.

Түрлі мәдениет пен діни көзқарас өкілдерінің өзара түсіністік жағдайында өмір сүруі қоғамдағы сенімді арттырып, бірлік пен ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.

Іс-шара соңында өңірдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және дінаралық диалогты дамытуға үлес қосқан Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының белсенді мүшелеріне арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысы өтті

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Боралдайда құрылысқа қажетті металл құбырлар шығарылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Қараойда жаңа өрт сөндіру бекеті салынып жатыр: ауыл қауіпсіздігі қалай күшейеді?

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Алматы облысында 61 саяжай кооперативі ауыл шекарасына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Байсеркеде газдандыру мен жаңа аллея салу мәселесі көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz