Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік мектептер анықталды

Қонаев қаласында білім беру саласына жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған «Smart Teacher Qonaev – 2026» жобасы қорытындыланды. Ұстаздар күніне орай қаланың орталық алаңында өткен салтанатты шарада цифрлық технологияларды тиімді пайдалануда ерекшеленген білім беру ұйымдары марапатталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026
Жаңалықтар

Аталған жобаға Қонаев қаласындағы 12 мектеп пен 13 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қатысқан. Бірнеше ай бойы мұғалімдер мен тәрбиешілер жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде қолданудың жаңа тәсілдерін меңгеріп, тәжірибелерін жетілдірді.

Атап айтқанда, педагогтер цифрлық технологиялардың көмегімен сабақ жоспарларын әзірлеу, оқу материалдарын дайындау және оқушылардың білім деңгейіне сәйкес жеке тапсырмалар құрастыру бағытында жұмыс жүргізді.

Салтанатты жиында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов білім беру жүйесін жаңғыртуда заманауи технологиялардың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жасанды интеллект мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, білім сапасын арттыруға қосымша мүмкіндік береді. Алайда оны тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану маңызды.

«Smart Teacher Qonaev» жобасы білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні тиімді әрі жауапты қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Бұл – педагогтердің жаңашылдыққа ұмтылысының айқын көрінісі», – деді қала әкімі.

Жоба барысында оқушыларға жасанды интеллектіні дұрыс пайдалануды үйретуге де ерекше көңіл бөлінді. Мамандардың пікірінше, нейрожелілер ақпарат іздеуге, тапсырмаларды орындауға және оқу материалдарын меңгеруге көмектескенімен, оқушының өздігінен ойлау және талдау қабілетін алмастырмауы қажет.

Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Асия Қарақойшинова цифрлық технологияларды қолдану кезінде баланың сыни ойлау дағдысын дамыту басты назарда болуы тиіс екенін атап өтті.

«Тапсырмалар баланы талдауға, ақпарат іздеуге және өзіндік қорытынды жасауға ынталандыруы керек. Жасанды интеллект адамның ойлау қабілетін алмастырмай, тек көмекші құрал болғаны дұрыс», – деді педагог.

Жоба қорытындысы бойынша цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуде белсенділік танытқан ұйымдар арнайы номинациялармен марапатталды.

Атап айтқанда, Қазақ орта мектеп-лицейі «Жылдың цифрлық серпілісі» номинациясын иеленсе, орта мектеп-гимназиясы «Smart көшбасшы мектебі – 2026» атанды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Smart Teacher Qonaev – 2026» жобасы педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттырумен қатар, білім беру үдерісінде жаңа технологияларды саналы әрі тиімді қолдану тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.

Жоба нәтижесі жасанды интеллектіні білім беру саласына енгізуде технологиялық мүмкіндіктермен қатар мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен оқушының өз бетінше ойлау қабілетін дамыту маңызды екенін көрсетті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта Қарттар күніне орай еңбек ардагерлері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік мектептер анықталды

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта әйелдің саусағына қысылып қалған сақинаны құтқарушылар шешті

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

Қонаевта студенттерге есірткі қылмысы мен интернет алаяқтықтың қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz