Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында сүт өндірісі артып, агросекторға миллиардтаған теңге қолдау көрсетілді

Алматы облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында өндіріс көлемін ұлғайту, шаруашылықтарды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда. Әсіресе сүт және мал шаруашылығында оң динамика байқалып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026
Жаңалықтар

Өңірде сүт өндірісінің айтарлықтай өскені тіркелген. Алатауда өндіріс көлемі 26,7 пайызға, Балқаш ауданында 16,6 пайызға, Ұйғыр ауданында 13 пайызға, Жамбыл ауданында 12,6 пайызға артқан. Қонаев қаласында өсім 6,8 пайызды құрады.

Қазіргі таңда облыста жалпы жобалық қуаты 23,8 мың басқа арналған 55 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Шаруашылықтарда 20 мыңға жуық ірі қара бар. Өндірілген сүт көлемі 21,2 мың тоннаға жеткен.

Мал бордақылау бағытында да өндірістік әлеует артып келеді. Облыста жалпы қуаты 63,9 мың басқа есептелген 58 бордақылау алаңы бар. Олардың ішінде Іле, Талғар және Қарасай аудандарындағы шаруашылықтарда өндірістік жүктеме жоғары.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда мемлекеттік қолдауға да басымдық беріліп отыр. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында 287 АӨК субъектісіне шығындарының бір бөлігін өтеу үшін 6,6 млрд теңге төленді.

Бұл қаражат ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға, су үнемдеу технологияларын енгізуге, өңдеу кәсіпорындарын кеңейтуге және бау-бақша шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар аграрийлердің несие және лизинг бойынша қаржылық жүктемесін азайту шаралары жүзеге асырылуда. 660 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінің міндеттемелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға қаржы ұйымдарына 4,5 млрд теңге аударылған.

Су ресурстарын тиімді пайдалану да негізгі бағыттардың бірі. 2025 жылы су үнемдеу технологияларын енгізген 24 шаруашылыққа 2,7 млрд теңге көлемінде субсидия берілді.

Осылайша, Алматы облысының агроөнеркәсіп кешенінде шаруашылықтардың өндірістік қуатын арттырумен қатар, техника мен технологияларды жаңғыртуға басымдық беріліп отыр. Сүт және мал шаруашылығындағы өсім мен мемлекеттік қолдау шаралары өңірдің аграрлық әлеуетін одан әрі дамытуға мүмкіндік бермек.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
30.09.2026

Іле ауданының әкімі тұрғындардың баспана және инфрақұрылым мәселелерін тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz