Жарыс Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA — Fédération Internationale de l’Automobile) қамқорлығымен ұйымдастырылған. FIA әлемдік деңгейде автомобиль спортын реттеу және дамыту бағытында жұмыс істейді.
Алматы облысында бас қосқан шетелдік және қазақстандық пилоттар FIA Central Asian Drifting Cup кубогының алғашқы жеңімпазы атану үшін өзара сынға түсуде. Қатысушылар дрифт шеберлігін көрсетіп, арнайы трассада бақ сынайды.
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт кубогының дәл Алматы облысында ұйымдастырылуы өңірдегі автомобиль спорты үшін маңызды оқиға саналады. Халықаралық деңгейдегі мұндай жарыстар автоспортты дамытуға, түрлі елдердің спортшылары арасындағы байланысты нығайтуға және өңірдің ірі спорттық іс-шараларды қабылдау мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.
Жарыс Алматы облысының аумағында орналасқан Sokol International Circuit халықаралық автодромында өтіп жатыр.





