Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 29011 әскери бөлімі взводының командирі Олжас Мұхтарұлы Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен 29011 әскери бөлімінің 13 әскери қызметшісі марапатталды:
- Аяпберген Сержан Талғатұлы – бөлімше командирі;
- Бегей Дастан Нұрболұлы – аға матрос (аға атқыш);
- Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – бөлімше командирі;
- Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – матрос (граната атқыш);
- Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – бөлімше командирі;
- Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – бөлімше командирі;
- Жаңабай Әсет Саматұлы – маман (көздеуші);
- Көбенов Алмас Жүсіпұлы – матрос (граната атқыш);
- Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – матрос (граната атқыштың көмекшісі);
- Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – матрос (граната атқыш);
- Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – матрос (оқшашар атқыштың көмекшісі);
- Төлеген Ақылбек Қабденұлы – аға матрос (аға атқыш);
- Тұрдыбекұлы Мирас – матрос (атқыш).
27 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткізген кеңесте Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза тапқанын мәлімдеді. Жиын олардың рухын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Президент қаза болған әрбір әскери қызметшінің ата-анасына арнайы көңіл айту жеделхатын жолдағанын және олардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ қайғылы оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеру және оған жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне баға беру тапсырылды.



