Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнын кешенді игеру жобасы аясында 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жобаның болашағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Xinfa Group компаниясының президенті Чжан Гуйчунның кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстанның ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуға, заманауи технологияларды енгізуге және өндірісті дамытуға дайын ірі инвесторлармен жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.

Осы ретте Президент металлургия және көмір химиясы салаларында толық өндірістік тізбекке ие Xinfa Group компаниясымен ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай тәсіл Қазақстанның индустриялық даму басымдықтарына сәйкес келетінін айтты.

Кездесуде Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнын игеру перспективасына ерекше назар аударылды. Бұл жоба қазақ-қытай өндірістік кооперациясын одан әрі дамыту бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр.

Президент кен орнын кешенді игерудің маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, мұнда жартылай кокс, сутегі, синтез-газ және жоғары сапалы мұнай өнімдерін өндіретін интеграцияланған өндіріс тізбегін құру көзделеді.

Жоба жүзеге асқан жағдайда Алматы облысында 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чжан Гуйчун аса маңызды материалдар саласындағы серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Xinfa Group президенті компанияның Қазақстанмен әріптестікті кеңейту жоспарын таныстырып, бірлескен жобаларға көрсетіліп отырған қолдау үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында армрестлингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Алматы облысында қандай жағдайда мектептер карантинге жабылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Алматы облысында 11 жастағы оқушы мектеп баспалдағынан құлап, көз жұмды

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Үлкен ауылы қалай өзгереді: қандай жаңа нысандар салынады?

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz