Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Алматы облысындағы Alatau City жаңа технологияларды енгізетін маңызды алаңдардың біріне айналуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Чжун Юнмен кездесіп, роботты техника, жасанды интеллект және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026
Жаңалықтар

Кездесу барысында Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан Alatau City жобасына UBTECH компаниясының заманауи технологияларын енгізу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар тау-кен және мұнай-газ салаларында, ірі логистикалық нысандарда роботты техникаларды пайдалану перспективаларын талқылады.

Чжун Юн Қазақстанның цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, елімізде жаңа технологияларды дамытуға қолайлы, ашық әрі инклюзивті орта қалыптасқан.

Компания өкілі Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыру цифрлық технологияларды енгізуге жаңа серпін беретінін жеткізді.

Alatau City-ге заманауи роботты технологияларды енгізу мәселесінің жоғары деңгейде талқылануы Алматы облысында салынып жатқан жаңа қаланың инновациялық және технологиялық бағытта дамуына басымдық беріліп отырғанын көрсетеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz