Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026
Жаңалықтар

«Еліміздің ең жоғары консультативтік мекемесі – Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының ашылуы баршаңызға құтты болсын!

Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн, шын мәнінде тарихи оқиға деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан Халық Кеңесі мемлекетіміздің саяси жүйесінде айрықша орын алатын, конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болатынына күмәнім жоқ.

Қазір Қазақстан ауқымды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі реформалар іске асырылуда. Алайда реформалар мен өзгерістер осымен өз мәресіне жетті деп мүлдем айтуға болмайды. Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасады.

Біз билік жүйесін заман талабына сай жаңғырту ісін қолға алдық. Елімізде Халық Кеңесінің құрылуы соның бір айқын дәлелі екені анық», — деді Тоқаев.

Қазақстан Халық кеңесі — Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік-кеңесші орган. Оның міндеті — мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қоғамның қатысуын қамтамасыз ету.

Кеңес құрамына 126 адам кірді:

  • этномәдени бірлестіктердің 42 өкілі;
  • қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес ұйымдардың 42 өкілі;
  • Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің 42 өкілі.

Халық кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды. Олар қоғамдық негізде жұмыс істейді.

Халық кеңесінің құзіреті:

  • ішкі саясат бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
  • Құрылтайға заң жобаларын енгізу;
  • жалпыхалықтық референдум өткізуге бастамашылық жасау;
  • қоғамдық талқылаулар мен тыңдаулар өткізу;
  • қоғамдық бақылауға қатысу;
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ұйымдастыру.

Халық кеңесінің жоғары басқарушы органы сессия болып саналады. Сессиялар аралығында басшылықты кеңестің төралқасы жүзеге асырады. Ұйымдастырушылық және талдау жұмыстарын мемлекеттік орган мәртебесіне ие хатшылық қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының ашылуын еліміз үшін тарихи оқиға деп атады.

«Қазақстан Халық Кеңесі мемлекетіміздің саяси жүйесінде айрықша орын алатын, конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болатынына күмәнім жоқ», – деді Президент.

Тоқаев Қазақстан қазір ауқымды өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, қоғамның барлық саласында түбегейлі реформалар жүзеге асырылуда.

«Алайда реформалар мен өзгерістер осымен өз мәресіне жетті деп мүлдем айтуға болмайды. Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасады. Біз билік жүйесін заман талабына сай жаңғырту ісін қолға алдық. Елімізде Халық Кеңесінің құрылуы соның бір айқын дәлелі екені анық», – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы табиғатты қасақана ластайтындарға жазаны күшейтуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Тоқаев мерзімінен бұрын мәслихаттар сайлауы өтетінін жариялады

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Президент Халық Кеңесінің маңызды рөлі туралы айтты

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды — Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Тоқаев: «Қазақстан Халық Кеңесі» атауы жаңа институттың жалпыұлттық сипатын көрсетеді

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz