Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының жас шахматшысы Елназ Қалиахмет Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп жүр

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Алматы облысының жас шахматшысы Елназ Қалиахмет Қазақстан әйелдер құрамасының сапында ел намысын қорғап жүр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026
Жаңалықтар

Елназ – ұлттық құраманың ең жас мүшесі. Жарыс барысында 16 жасқа толған Алматы облысының өкілі шахмат олимпиадасына алғаш рет қатысып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандтағы додада сәтті өнер көрсетті. Алтыншы турда қазақстандық шахматшылар Әзербайжан құрамасын 2,5:1,5 есебімен жеңді.

Кездесуде Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова және Зарина Нұрғалиеваның партиялары тең аяқталды. Ал Алуа Нұрман қарсыласын жеңіп, командаға шешуші ұпай әкелді.

Алты турдың қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы әзірге ұпай жоғалтқан жоқ. Ұлттық құрама 12 ұпай жинап, Қытай командасымен бірге көш бастап тұр.

Қазақстан ерлер құрамасы да алтыншы турды жеңіспен аяқтады. Ұлттық құрама Колумбияны 3,5:0,5 есебімен ұтты. Жандос Ағмановтың партиясында тең нәтиже тіркелсе, Денис Махнёв, Сауат Нұрғалиев және Даниял Сапенов қарсыластарынан басым түсті.

Алты турдан кейін Қазақстан ерлер құрамасының еншісінде төрт жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліс бар. Тоғыз ұпай жинаған команда 26-орында келеді.

Алматы облысының жас шахматшысы Елназ Қалиахмет үшін Самарқандтағы дода – спорттық жолындағы алғашқы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы. 16 жасында Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетуі жас шахматшының мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі болып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz