Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында күн 36 градусқа дейін ысиды: өрт қаупі күшейді

Алматы облысында алдағы күндері жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Кей аудандарда ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріліп, өрт қаупі күшейеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.09.2026
Жаңалықтар

Синоптиктердің болжамынша, облыстың шығысы мен таулы аудандарында шығыстан соққан жел батыс бағытқа ауысады. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін.

Күндіз өңірде қатты ыстық болып, ауа температурасы +35…+36 градусқа дейін көтеріледі.

Аптап ыстыққа байланысты облыстың бірқатар аумағында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Атап айтқанда, өңірдің орталық, батыс және шығыс бөліктерінде төтенше өрт қаупі, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Қонаев қаласында да күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі. Мұнда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ал Алматы қаласында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Мамандар мұндай ауа райында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, ашық аумақта от жақпауға және сөндірілмеген темекі тұқылын тастамауға кеңес береді. Әсіресе құрғақ шөп пен өсімдіктер көп аумақта отты абайсыз пайдалану өрттің жылдам таралуына себеп болуы мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz