Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының ТЖД 19 бос жұмыс орнына іріктеу жариялады

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар қатарына мамандар қабылдайды. Өңірдегі өрт сөндіру бөлімдеріне барлығы 19 жүргізуші-қызметкер қажет, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.09.2026
Жаңалықтар

Департамент мәліметінше, үміткерлер бос лауазымдарға орналасу үшін бастапқы кәсіби даярлықтан өтуге іріктеледі. Құжат қабылдау 2026 жылғы 9 қыркүйекте басталып, 22 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ең көп бос орын Қонаев қаласы мен Талғар ауданында қарастырылған. Қонаев қаласының №1 және №10 өрт сөндіру бөлімдеріне төрт жүргізуші-қызметкерден қабылданады. Талғар ауданындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне де төрт маман қажет.

Еңбекшіқазақ ауданындағы №6 өрт сөндіру бөліміне екі, Кеген ауданындағы №7 өрт сөндіру бөліміне екі жүргізуші-қызметкер іздестірілуде.

Ал Қарасай ауданындағы №5, Іле ауданындағы №8 және Райымбек ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлімдеріне бір-бір маманнан қабылдау жоспарланған.

Осылайша, облыс бойынша жарияланған бос жұмыс орындарының жалпы саны 19-ды құрайды.

Үміткерлер өтінімді tjm-qabyldau.emer.kz порталы арқылы бере алады. Құжаттар Алматы облысы, Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі, 46/1 мекенжайында да қабылданады.

Қосымша ақпаратты 8 700 901 19 90 телефоны арқылы алуға болады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz