Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында «Жүректегі ауыл» жыр жинағының тұсауы кесілді

Алматы облысындағы А.Нүсіпбеков ауылында Қазақстан халқының тілдері күніне орай әдеби-мәдени кеш өтіп, ақын Нұрбақыт Күрдешбайдың «Жүректегі ауыл» атты жыр жинағы оқырманға таныстырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026
Жаңалықтар

5 қыркүйекте өткен шарада Қарабұлақ ауылының тумасы Нұрбақыт Күрдешбайдың жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

«Жүректегі ауыл» жинағына туған жердің табиғаты, ауылдың тыныс-тіршілігі, ел мен жерге деген перзенттік сүйіспеншілік арқау болған. Ақын өз шығармалары арқылы ауыл өмірінің көріністерін суреттеп, туған өлкенің қадір-қасиетін жырға қосқан.

Тұсаукесерге ауылдық округ әкімі Рүстем Алимов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мұқағали Мақатаев медалінің иегері Мақсат Ережеп, спорт шеберлері Ермұрат Қайыпжанов пен Асхат Қасымханұлы, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. Қонақтар авторды жаңа кітабының жарық көруімен құттықтап, шығармашылығына сәттілік тіледі.

Әдеби кеш барысында Нұрбақыт Күрдешбайдың шығармашылығы таныстырылып, жинаққа енген өлеңдер оқылды. Сонымен қатар қатысушылар ана тілінің маңызы, туған жерге деген құрмет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу жөнінде ой бөлісті.

Қазақстан халқының тілдері күні аясында өткен әдеби басқосу ана тілі мен әдебиетті насихаттап, туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеген тағылымды шараға айналды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жүректегі ауыл» жыр жинағының тұсауы кесілді

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026

Алматы облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шара өтті

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026

«Алматы – Бішкек» тасжолында қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
08.09.2026

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Акжаркын
08.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz