Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында «Жайлы мектептегі» оқулық тапшылығының себебі түсіндірілді

Алматы облысы Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылындағы «Жайлы мектепте» төртінші сынып оқушыларына арналған бірқатар оқулық жетіспей қалған. Облыстық білім басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.09.2026
Жаңалықтар

Басқарма мәліметінше, оқулық тапшылығы жаңа оқу жылының басында оқушылар санының көбеюіне байланысты туындаған. Қазір аталған мектептің төртінші сыныптарында барлығы 224 оқушы білім алып жатыр.

«Оқу жылының басында оқушылар санының артуына байланысты жекелеген оқулықтар уақытша жетіспей қалды. Оқу процесін үздіксіз жалғастыру үшін оқушыларға электронды оқулықтар мен қолжетімді оқу материалдарын уақытша пайдалануға мүмкіндік берілді», – деп хабарлады облыстық білім басқармасы.

Ведомство өкілдері ата-аналарға электронды оқулықтарды толықтай басып шығарып, мектепке әкелу жөнінде талап қойылмағанын атап өтті.

Қазір Қарасай ауданында жетіспейтін оқулықтарды қосымша сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімдік мәліметінше, жаңа оқулықтарды мектептерге 7 қыркүйекте жеткізу жоспарланған.

Мәселе бұған дейін әлеуметтік желіде көтерілген еді. Желіде тараған видеода әйел қағазға басып шығарып, өзі түптеген оқулықтарды көрсеткен. Оның сөзінше, қажетті кітаптар болмағандықтан, кейбір ата-аналар оқулықтарды өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz