Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті. Ақ ұлпаға оранған тау бөктерінің кадрлары әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026
Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде жарияланған видео Райымбек ауданындағы Ақкөл жайлауында түсірілген. Кадрлардан қалың тұман арасындағы тау беткейлерін қар басқанын көруге болады. Жаздың соңғы күндеріндегі мұндай көрініс өңірдегі ауа райының күрт құбылуымен байланысты.

«Қазгидромет» бұған дейін Алматы облысында ауа райы бұзылатынын ескерткен еді. Синоптиктердің болжамынша, 25 тамызда өңірдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр, ал облыстың батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін екені хабарланған.

Таулы аймақтарда күндізгі ауа температурасы 13-18 градус шамасында болжанды. Ал биіктік артқан сайын температураның төмендеуі жауын-шашынның қарға ұласуына себеп болған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта газ қауіпсіздігі күшейтілді: 469 пәтер тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz