Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі 800-ден астам автокөлікті заңсыз тіркеу ісі бойынша сотталды. Сот олардың әрқайсысына қылмыстағы рөлі мен қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026
Жаңалықтар

Қылмыстық топ мемлекетке төленуге тиіс тіркеу және утиль алымдарын айналып өтіп, бюджетке 6,6 млрд теңгеден астам шығын келтірген.

ҚМА-ның Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу барысында қылмыстық топтың екі жыл бойы белгіленген талаптарды айналып өтіп, көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқаны анықталған.

«Алғашқы кезеңде топ мүшелері техникалық регламент талаптарын бұза отырып Қазақстанға әкелінген 642 жүк көлігін заңсыз тіркеген. Кейін олар жеңіл автокөліктерге қатысты «қосар көліктерді тірілту» схемасына көшкен. Яғни заңсыз әкелінген көліктерге Қазақстанда бұрын тіркеліп, кейін есептен шығарылған басқа автокөліктердің VIN-кодтары берілген. Осы тәсілмен тағы 209 көлік тіркеуге қойылған. Заңсыз схемаға полиция қызметкерлері, мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері және жеке нотариустар да қатысқан. Олар ақпараттық жүйелерге жалған мәлімет енгізіп, жалған тұлғаларға сенімхат рәсімдеуді қамтамасыз еткен», – делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, заңсыз тіркелген көліктер бойынша төленбеген алғашқы тіркеу алымдарының көлемі 5,4 млрд теңгені, ал утиль алымы 1,2 млрд теңгені құраған.

Тергеу кезінде көлік иелері алғашқы тіркеу алымдарын өз еркімен төлеп, мемлекетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылған. Сонымен қатар сот үкімімен сотталғандардың қылмыстық табысқа сатып алған бес автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz