Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талғарда алғаш дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталды

Талғар қаласында сайлау учаскелеріне ең ерте келген алғашқы 100 адамға естелік сыйлық берілді. Таңмен таласа тұрып таңдауын жасағандар осылайша күтпеген тосынсыйға тап болды. Әсіресе алғаш рет дауыс берген жастар үшін бұл күннің орны бөлек, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

«Мен үшін биылғы жыл ерекше. Алғаш рет жеке куәлік алдым. Құжат алу – үлкен жауапкершілік. Оның үстіне, Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау да алғаш рет өтіп жатыр. Сондықтан бүгін өзім ерекше толқып тұрмын. Бұған дейін ата-анаммен бірге сайлау учаскесіне келіп, олардың дауыс бергенін сырттай көретінмін. Ал бүгін алғаш рет өз таңдауымды өзім жасадым. Сыйлыққа алған кітабымды алғашқы дауыс берген күнімнің естелігі ретінде сақтап қоямын», – деді Ажимуратова Нышанкуль.

Талғар ауданында биыл алғаш рет дауыс беруге 2 267 жас сайлаушы қатыса алады. Ал Алматы облысы бойынша кәмелет жасына толып, алғаш рет сайлау құқығына ие болғандардың саны – 14 104 адам. Жалпы облыста 683 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның 88-і Талғар ауданында орналасқан.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz