Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ЖҚС-қа шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Алматы облысында полиция қызметкерлері жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылды жедел ашып, күдіктілерді ұстады. Қылмысты әшкерелеуде Жедел басқару орталығының (ЖБО) қызметкерлері мен зияткерлік бейнебақылау жүйесі шешуші рөл атқарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Полиция мәліметінше, оқиға туралы хабарлама түскен сәттен бастап Жедел басқару орталығының мамандары күдіктілердің ықтимал қозғалыс бағыты бойынша орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын талдауға кіріскен.

ЖБО операторлары мен полицияның жедел бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде қысқа уақыт ішінде қарақшылық шабуылға қатысы бар екі күдіктінің де жеке басы анықталды. Зияткерлік бейнебақылау жүйесінің көмегімен олардың жүріп өткен бағыты қалпына келтіріліп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды.

Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Аталған дерек бойынша қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі таңда заманауи бейнебақылау жүйелері мен Жедел басқару орталығының мүмкіндіктері қылмыстарды ашудың тиімді құралдарының біріне айналған. Бұл технологиялар күдіктілердің қозғалысын жедел анықтауға, полиция күштерінің іс-қимылын үйлестіруге және қылмыскерлерді ұстау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz