Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жасөспірімдерге арналған жазғы жұмыс бағдарламасы басталады

Алматы облысында 14 жастан асқан оқушылар мен студенттер жазғы каникул кезінде уақытша жұмысқа орналасып, үш айда 350 мың теңгеге дейін табыс таба алады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бағдарлама аясында жастар жазғы демалысын тиімді пайдаланып, ай сайын шамамен 118 мың теңгеге дейін жалақы алу мүмкіндігіне ие болады.

Уақытша жұмысқа орналасу үшін жастар Enbek.kz электрондық еңбек биржасына кіріп, «Менің жазғы каникулым» бөлімі арқылы тіркеліп, түйіндеме жүктеуі қажет. Одан кейін өзіне ыңғайлы бос жұмыс орындарын таңдап, өтінім бере алады.

Ал 14–15 жастағы оқушылар үшін платформадағы жеке кабинет ата-анасының немесе заңды өкілінің атына тіркеледі.

Бағдарлама Еңбек мобильдігі орталығы арқылы «Қоғамдық жұмыстар» жобасы аясында жүзеге асырылады. Жасөспірімдерді уақытша жұмыспен қамту маусым айында басталып, биыл 800-ге жуық оқушы мен студентті қамту жоспарланып отыр.

Жастар дүкен көмекшісі, курьер, аниматор, промоутер, лагерь немесе кітапхана көмекшісі, SMM маманы секілді қауіпсіз әрі жеңіл жұмыстарды атқарады. Олар күніне шамамен жеті сағатқа дейін еңбек ете алады.

Алматы облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асыл Ваисов бағдарламаның негізгі мақсаты жастарға алғашқы еңбек тәжірибесін беру екенін айтты.

«Біздің басты мақсатымыз – жастарға қауіпсіз еңбек жағдайында алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беру. Бағдарлама еңбек мәдениетін қалыптастырып, болашақ мамандықты таңдауға да ықпал етеді», – деді ол.

Маманның айтуынша, жұмысқа орналастыру толықтай ҚР Еңбек кодексі аясында жүргізіледі. 14–15 жастағы жасөспірімдер жұмысқа ата-анасының нотариалды куәландырылған келісімімен ғана қабылданады. Ал 16–18 жас аралығындағы жастар бос жұмыс орындарына өз бетінше өтінім бере алады.

Сондай-ақ еңбек шарты жасалғаннан кейін ата-аналардың телефонына автоматты түрде хабарлама жіберіледі. Жалақы тікелей жасөспірімнің банк картасына аударылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандарға ауыр және қауіпті жұмыстарда, түнгі ауысымда, сондай-ақ алкоголь мен темекі өнімдері сатылатын орындарда жұмыс істеуге тыйым салынады. Жүйе мұндай вакансияларды автоматты түрде бұғаттайды.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде 500-ге жуық оқушы мен студент жазғы уақытша жұмыспен қамтылған. Бағдарлама аясында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан жастарға басымдық берілген.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында соңғы қоңырау соғылды: 20 мыңнан астам түлек үлкен өмірге қадам басты

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Құрбан айт: Алматы облысында қауіпсіздік пен санитариялық талап күшейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Соңғы қоңырау-2026: 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz