Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында белгілі жазушы Сәуле Досжанмен рухани кездесу өтті

Алматы облысының Ұйғыр ауданында белгілі қаламгер, ақын-жазушы Сәуле Досжанмен тағылымды кездесу өтті. Рухани кешке ауыл тұрғындары, ұстаздар, оқушылар және туған жерден түлеп ұшқан түлектер қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Кездесуге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, Сәуле Мағазбекқызының қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.

Аймақ басшысы жазушының туған жерге деген жанашырлығы мен жас ұрпаққа көрсетіп жүрген қамқорлығы көпшілікке үлгі екенін айтты.

«Туған жерін ұмытпай, ауылына тұрақты қолдау көрсетіп жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Сәуле Досжанның руханиятқа, білім мен тәрбиеге қосып жүрген үлесі – кейінгі буын үшін үлкен өнеге», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сәуле Досжан – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, жазушы әрі журналист. Қаламгер қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасымен, нәзік лиризмімен және терең психологиялық иірімдерімен танылған.

Оның «Үшінші есіктің құпиясы», «Жатқа туған бала», «Үлкен үйдегі үрей», «Қасірет пен тағдыр», «Ауылдан шыққан миллионер», «Үзілмеген үміт», «Біртуар» секілді шығармаларын оқырман жылы қабылдаған. Жазушы туындылары орыс, испан, неміс, қытай, ағылшын, араб, француз, венгер, түрік, чех және қырғыз тілдеріне аударылған.

Шығармаларында адам жанының құпиясы, әйел тағдыры, отбасы құндылығы мен ұлттық болмыс кеңінен көрініс табады.

Кездесу барысында қаламгердің туған ауылы Ақтамға көрсетіп жүрген қолдауы да ерекше аталып өтті. Сәуле Досжан жыл сайын өзі білім алған мектептің талантты оқушыларына шәкіртақы тағайындауды дәстүрге айналдырған. Биыл оның қолынан 32 оқушы марапат алды. Олардың қатарында пән олимпиадаларының, ғылыми жобалар мен әдеби байқаулардың жеңімпаздары бар.

Сонымен қатар, жазушы ауыл мектебінің жаңаруына және медициналық пункт салуға қолдау көрсеткен.

Рухани кеш аясында Сәуле Досжанның өлеңдері оқылып, өмір жолынан сыр шертетін театрландырылған қойылым ұсынылды. Аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Шара соңында қатысушылар қаламгердің туған жерге деген жанашырлығы мен елге қызмет ету жолындағы еңбегі көпшілікке үлгі екенін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

Алматы облысында 33 мың гектардан астам жердің су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Алматы облысында Джеки Чанның атын жамылған алаяқ қарияны алдамақ болды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Алматы облысындағы таулы аймақта Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz