Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 33 мың гектардан астам жердің су мәселесі шешілді

Алматы облысында Дінмұхамед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналындағы апатты учаскелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде өңірдегі 33,3 мың гектар суармалы жердің сумен қамтылуы айтарлықтай жақсарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, каналдың жалпы ұзындығы 1,53 шақырым болатын апатты бөліктері толық жаңартылған. Жоба аясында ескі және бүлінген учаскелер бұзылып, олардың орны монолитті темір-бетонмен қапталған.

Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаевтың айтуынша, барлық құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталған.

«Қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде биылғы вегетациялық кезеңді уақытылы бастауға мүмкіндік туды. Каналдың техникалық жағдайы жақсарып, су өткізу қабілеті артты. Сонымен қатар су шығыны айтарлықтай азайды», – деді комитет төрағасы.

Мамандардың айтуынша, аталған жоба ауыл шаруашылығы алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдегі егін шаруашылығының өнімділігін арттыруға оң әсер етеді.

Министрлік мәліметінше, каналдағы реконструкция жұмыстары су ресурстарын тиімді пайдалануға және ирригациялық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі болып саналады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz