Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында шенді полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының Балқаш ауданында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарының қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қайғылы оқиға 16 мамыр күні таңертең Қонаев — Бақанас тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қызметтік Hyundai Elantra автокөлігін басқарып келе жатқан. Көлік ішінде оның жұбайы да болған.

Тергеудің бастапқы нұсқасына сәйкес, жолда келе жатқан кезде ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған. Соның салдарынан полицей Бақбақты ауылының маңында көлікті тоқтатып, әйелін жол жиегіне түсіріп кеткен.

Біраз уақыттан кейін жүргізуші райынан қайтып, жұбайын алып кету үшін кері бұрылған. Алайда Қонаев — Бақанас тасжолының 84-шақырымында ол жол үстінде тұрған әйелін байқамай қалып, қағып кеткен.

Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға орнына полиция, прокуратура қызметкерлері мен Алматы облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы барған. Тексеру барысында полиция қызметкерінің қызметтік көлікті жол жүру парағы негізінде заңды түрде пайдаланғаны анықталған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әзірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот басталды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алматы облысында табиғатты бүлдірген жасөспірімдер жауапкершілікке тартылды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

Алматы облысында шенді полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 169 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Қорлан Нұрланқызы
16.05.2026

Сауалнама: Президентке сенім деңгейі 86,7 пайызды құрады

Қорлан Нұрланқызы
16.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz